2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін дауыс беру учаскесі туралы 

2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін дауыс беру учаскесі туралы 

 

        «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-, 29-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 3-тармағына сәйкес учаскелік референдум комиссияларының ұсынымдары негізінде  Шиелі аудандық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаске ретінде Шиелі кенті, Ақ Орда м/а 3 кв №25 мекенжайы бойынша аудандық ауруханада орналасқан №291 дауыс беру учаскесі белгіленсін.
  2. Бұл учаскеде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  3. Осы қаулы Қызылорда облыстық референдум комиссиясына, Шиелі кенті №291 дауыс беру учаскесінің учаскелік референдум комиссиясына жіберілсін және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі аудандық референдум

комиссиясының төрағасы                                                          М.Дулатов

 

Шиелі аудандық референдум

комиссиясының хатшысы                                                         Е.Оспанов

 

 

АСК-24/99

20 қыркүйек 2024 ж.

Информация
Дата публикации
25 сентября 2024