2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Телікөл ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген

Телікөл ауылдық округі әкімін сайлаудың

қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Телікөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №283 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы Телікөл ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Телікөл ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                           М.Дулатов                 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов

 

АСК-24/95    

16.09.2024 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат
Дата публикации
16 сентября 2024