2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Қызылорда облысы
Шиелі ауданы әкімін сайлау қорытындысы туралы
Хабарлама
2024 жылғы 15 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 50 701 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 36 966 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 388 қатысты. Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Шиелі ауданы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы үшін сайлаушылардың 4321 дауысы берілді, Жандарбеков Айтбай Насриддинович үшін сайлаушылардың 29 841 дауысы берілді, Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы үшін сайлаушылардың 2434 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 154.
Сайлау қорытындысымен Шиелі ауданының әкімі болып Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы сайланды. 1974 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде тұрады.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы