2024 жылғы 15 қыркүйекте өткізілген Телікөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2024 жылғы 15 қыркүйекте Шиелі ауданының Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Телікөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №283 учаскелік сайлау комиссияларының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Телікөл ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 876 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 486 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 0 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы үшін – 25 дауыс, кандидат Рысбек Жасұлан Сейітжаппарұлы үшін – 158 дауыс, кандидат Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы үшін – 303 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы 1970 жылы туған, ұлты қазақ, «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, әкім, Телікөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы мүшесі, өзін-өзі ұсынған.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен 2024 жылғы 15 қыркүйектегі сайланған Телікөл ауылдық округінің әкіміне Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлын тіркеді.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы