Телікөл ауылдық округі әкіміне өзін-өзі ұсынған кандидаттың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабына сәйкес Телікөл ауылдық округі әкіміне өзін-өзі ұсынған кандидаттардың 2024 жылғы 6 қыркүйектегі аудандық сайлау комиссиясының хаттамалары және кандидаттардың өтініштері негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Телікөл ауылдық округі әкіміне кандидат Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлының сенім білдірілген адамдары болып Омарова Құралай Әбдірәсілқызы, Қосжанова Қаламқас Асылханқызы тіркелсін.
  2. Сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер берілсін.
  3. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                          М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Е.Оспанов

 

 

АСК-24/91

06.09.2024 ж.

каз
Дата публикации
11 сентября 2024