2024 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлауда әкім болуға кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1 тармағына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Төраға А.Ерсултанов
Хатшы А. Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2024 жылғы 17 қаңтар,
№3/4
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№3/4 қаулысына
1-қосымша
Сайлаушылар саны 2000 (екі мың) адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшері
|
1) теледидардан, радиодан өзінің бағдарламасымен шығуына және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға - 110 000 (жүз он мың) теңге; |
|
2) көпшілік сайлауалды іс-шаралар өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 40 000 (қырық мың) теңге; |
|
3) көліктік шығыстарына - 50 000 (елу мың) теңге. |
Бір кандидаттың жалпы шығыстарының жиынтық мөлшері – 200 000 (екі жүз мың) теңге
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№3/4 қаулысына
2-қосымша
Сайлаушылар саны 2000 (екі мыңнан) бастап 5000 (бес мың) адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшері
|
1) теледидардан, радиодан өзінің бағдарламасымен шығуына және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға - 110 000 (жүз он мың) теңге; |
|
2) көпшілік сайлауалды іс-шаралар өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 60 000 (алпыс мың) теңге; |
|
3) көліктік шығыстарына - 50 000 (елу мың) теңге. |
Бір кандидаттың жалпы шығыстарының жиынтық мөлшері – 220 000 (екі жүз жиырма мың) теңге
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№3/4 қаулысына
3-қосымша
Сайлаушылар саны 5000 (бес мың) адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттың жергілікті бюджеттен өтелетін шығыстарының мөлшері
|
1) теледидардан, радиодан өзінің бағдарламасымен шығуына және мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға - 110 000 (жүз он мың) теңге; |
|
2) көпшілік сайлауалды іс-шаралар өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 90 000 (тоқсан мың) теңге; |
|
3) көліктік шығыстарына - 50 000 (елу мың) теңге. |
Бір кандидаттың жалпы шығыстарының жиынтық мөлшері – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге