Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Телікөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №АСК-24/65 шешімімен 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған сайлауда Телікөл ауылдық округі әкіміне кандидаттар болып тіркелді:
Абусадиров Нурболат Абаевич 1977 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ, бас маман, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы 1970 жылы туған, қазақ, «Телікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Рысбек Жасұлан Сейітжаппарұлы 1993 жылы туған, қазақ, «Shieli biz birgemiz» қоғамдық қоры, төраға, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы – 1985 жылы туған, қазақ, «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі» КММ, бөлім басшысының орынбасары, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.