2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Телікөл ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өзін өзі ұсынған Абусадиров Нурболат Абаевич, Сәрсенбаев Әлібек Айдарбекұлы, Рысбек Жасұлан Сейітжаппарұлы, Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы Телікөл ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.
2. Кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін.
3. Кандидаттардың тіркелгені туралы ақпарат аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М. Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/84
23.08.2024 ж.