2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өзін өзі ұсынған Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы, Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы Шиелі ауданы әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.
2. «AMANAT» партиясы ұсынған Жандарбеков Айтбай Насриддинович Шиелі ауданы әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М. Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/83
23.08.2024 ж.