2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Шиелі ауданы әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған

Шиелі ауданы әкімін сайлауда кандидатты

қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

         

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 1 тамыздағы №АСК-24/61 «Шиелі ауданы әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданы әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны аудан сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 508 қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                          М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Е.Оспанов

 

 

АСК-24/79

22.08.2024 ж.

Қаулы
Дата публикации
23 августа 2024