Шиелі ауданы әкіміне өзін-өзі ұсынған кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабына сәйкес Шиелі ауданы әкіміне өзін-өзі ұсынған кандидаттардың 2024 жылғы 22 тамыздағы аудандық сайлау комиссиясының хаттамалары және кандидаттардың өтініштері негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.1. Шиелі ауданы әкіміне кандидат Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлының сенім білдірілген адамы болып Маханбет Патима Шаймерденқызы, Әбдешов Ержан Біржанұлы, Есимов Ғани Сейтомарұлы тіркелсін.
1.2. Шиелі ауданы әкіміне кандидат Қордабай Нұрғали Рахымшаұлының сенім білдірілген адамдары болып Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы, Сахов Базарбек Кенжебайұлы тіркелсін.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
22 тамыз 2024 жыл
№АСК-24/78