2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Шиелі ауданы әкімін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Шиелі ауданы әкімін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы 22 тамыздағы №02-10/1316 санды хатының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Шиелі ауданы әкіміне кандидаттар Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы, Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы, Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген талаптарға сәйкес деп белгіленсін.
  2. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                          М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Е.Оспанов

 

 

АСК-24/77

22.08.2024 ж.

Қаулы
Дата публикации
23 августа 2024