2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған
Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі
әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға
арналған қол қою парақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №АСК-24/65 «Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Телікөл ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 9 қол санында белгіленсін.
-
Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
-
Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/76
21.08.2024 ж.