2024 жылғы 11 тамызда өткізілген Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтері әкімі сайлауының қорытындылары бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 тамыздағы Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтері әкімі сайлауының қорытындысы туралы хаттамаларының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Иіркөл ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат Б.Ә.Бәйділдаевтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 35,51 пайызын жинаған кандидат О.О.Ержанның, 12,75 пайызын жинаған кандидат У.У.Рахмановтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Майлытоғай ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат А.А.Мамбетовтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 11,07 пайызын жинаған кандидат Т.Е.Жәрімбетовтің, 8,12 пайызын жинаған кандидат Д.Ә.Оспановтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Осы қаулының орындалуы келісім бойынша Шиелі ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөліміне (А.Иманбердиева) жүктелсін.
- Осы қаулы Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарға жіберілсін және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/70
12.08.2024 ж.