2024 жылғы 11 тамызда өткізілген Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтерінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2024 жылғы 11 тамызда өткізілген Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтерінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

         2024 жылғы 11 тамызда Шиелі ауданының Иіркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

         Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №278, №279 учаскелік сайлау комиссияларының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Иіркөл ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

          Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 2516 адам енгізілген.

         Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны  1898 адам.

         Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 26 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.

         Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен: 

         Кандидат Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы үшін – 971 дауыс, кандидат Ержан Оралбек Оразбекұлы үшін – 674 дауыс, кандидат Рахманов Уалихан Уайдаұлы үшін – 242 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 11 дауыс берілді.  

         Дауыс беру қорытындысымен Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

            Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, «Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ, бөлім басшысының орынбасары, Шиелі кентінде тұрады, «AMANAT» партиясы мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

 

         Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 12 тамыздағы шешімімен  2024 жылғы 11 тамыздағы сайланған Иіркөл ауылдық округінің әкіміне Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлын тіркеді. 

 

 

         2024 жылғы 11 тамызда Шиелі ауданының Майлытоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

         Майлытоғай ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №270 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Майлытоғай ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

          Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 346 адам енгізілген.

         Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны  271 адам.

         Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 3 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.

         Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен: 

 

         Кандидат Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы үшін – 30 дауыс, кандидат Мамбетов Абилькасим Абильдаевич үшін – 217 дауыс, кандидат Оспанов Дәурен Әуезұлы үшін – 22 берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 2 дауыс берілді.  

         Дауыс беру қорытындысымен Мамбетов Абилькасим Абильдаевич Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

         Мамбетов Абилькасим Абильдаевич  1963 жылы туған, ұлты қазақ, «Әбілда» ШҚ-ның төрағасы, Қызылорда қаласында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі,  өзін-өзі ұсынған.

         Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 12 тамыздағы шешімімен  2024 жылғы 11 тамыздағы сайланған Майлытоғай ауылдық округінің әкіміне Мамбетов Абилькасим Абильдаевичті тіркеді. 

          

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
12 августа 2024