2024 жылғы 11 тамызда өткізілген  Майлытоғай ауылдық округі әкімін сайлаудың  қорытындысын анықтау және жариялау туралы

2024 жылғы 11 тамызда өткізілген 
Майлытоғай ауылдық округі әкімін сайлаудың 
қорытындысын анықтау және жариялау туралы
 
       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 11 тамызда өткізілген Майлытоғай ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №270 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Майлытоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
       2. Мамбетов Абилькасим Абильдаевич Майлытоғай ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін. 
       3. 2024 жылғы 11 тамызда өткізілген Майлытоғай ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.
 
 
Шиелі ауданының аумақтық 
сайлау комиссиясының төрағасы                                           М.Дулатов
 
Шиелі ауданының аумақтық 
сайлау комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов
 
АСК-24/69     
11.08.2024 г.
 
Ақпарат
Дата публикации
11 августа 2024