Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №АСК-24/64 қаулысымен Телікөл ауылдық округі шекарасында Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №АСК-24/65 қаулысымен Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалды.
Бекітілген Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 8 тамызда басталады және 2024 жылғы 20 тамыз сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2024 жылғы 25 тамыз сағат 18.00-де аяқталады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6А, Шиелі аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы
№283 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Телікөл ауылдық округі, Ә.Тәжібаев ауылы, Доспан Шайық көшесі №1, №214 орта мектеп ғимараты, телефоны: 5-10-58, эл почта: USK_283@mail.kz
№280 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Есім Асқар Оразымбетұлы – төраға, Ахет Бақыт Ысқақұлы – төраға орынбасары, Алжанов Есбол Шаменович – хатшы, мүшелері: Әбдраманов Өтепберген Әділханұлы, Сагиндыков Фархад Серикович
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы