Телікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Телікөл ауылдық округі әкімінің

сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Телікөл ауылдық округі шекарасында Телікөл ауылдық округінің әкімін сайлауы жөнінде сайлау округі құрылсын.
  2. Құрылған Телікөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі, олардың шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                        М.Дулатов          

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                         Е.Оспанов

 

 

07.08.2024 жыл

АСК-24/64

Дата публикации
07 августа 2024