Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының
1-тармағының 3 тармақшасына және 3-тармағына, 113-3-бабының 5-тармағына, 113-5-бабының 14-тармағына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 2 тамыздан 21 тамызға, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 23 тамызға белгіленсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4. Осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және Шиелі ауданық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
Шиелі кенті
АСК-24/61
1 тамыз 2024 жыл