Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 86 064 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36 514 адам, ауылдық елді – мекендерде 49 550 адам тұрады.
2024 жылдың 1 қыркүйекке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2024 жылдың 1 қыркүйекке болжамдалған 8 млрд 553 млн 843 мың теңгенің орнына 9 млрд 393 млн 506 мың теңгеге немесе 109,8 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 3 млрд 553 млн 434 мың теңгенің орнына 4 млрд 393 млн 096 мың теңге болып 123,6 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджетінің шығысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке жалпы 9 млрд 54 млн 473,7 мың теңгеге жоспарланды.
8 айдың қорытындысымен 9 млрд 53 млн 457,6 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 8 айында 47 млрд. 719 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2023 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 141,7 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 27 млрд 26 млн. теңгеге жетіп, 173,1 пайызға артты;
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
37 млрд. 237 млн теңгені құрады немесе 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 145,6 пайыз;
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд. 913 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайыз;
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 50398 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,0 пайыз;
Бөлшек сауда көлемі 7 млрд. 990 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,7 пайыз;
Ауылшаруашылық саласы
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 9 млрд. 981 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102,0 пайызды құрады.
2024 жылдың 1 қыркүйекке тірілей салмақта 2957,9 тонна ет, 7157,2 тонна сүт, 1238,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,6 пайызға, сүт 100,6 пайызға, жұмыртқа 101,0 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2024 жылдың 1 қыркүйекке ірі қара 93456 басты, уақ мал 146193 басты, жылқы 26503 басты, түйе 1885 басты, құс 33163 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 100,2 уақ мал 101,9, жылқы 105,7, түйе 110,6, құс 110,3 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік
2024 жылдың 1 қыркүйекке ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6567 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 89,9 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4139, шаруа қожалық-1875, заңды тұлға-553) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6319-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,2 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 86 064. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.
2024 жылы ауданда 2 959 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 2246 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 75,9 пайызға орындалды.