№278, №279 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұру және уақытша тағайындау туралы

№278, №279 учаскелік сайлау комиссиясы

мүшелері міндеттерін орындауын уақытша
тоқтата тұру және уақытша тағайындау туралы

            

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
20-бабы 12) тармағы 2-бөлігіне сәйкес №278, №279 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерін атқаруды тоқтата тұруға және уақытша тағайындауға байланысты Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. №278 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Қожаназарова Гүлнар Молданазарқызы және №279 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Сәдуақасов Махан Дарханұлы сайлау комиссиясы міндеттерін сайлау науқаны кезеңінде уақытша орындауын тоқтата тұрсын.
  2. №279 учаскелік сайлау комиссиясының сайлау науқаны кезеңінде уақытша міндетінен босатылған комиссия мүшесінің орнына Мырзаева Қадиша Нұрмаханқызы уақытша комиссия мүшесі болып тағайындалсын.
  3. Осы қаулы №278, №279 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                        М.Дулатов          

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                         Е.Оспанов

 

 

21.07.2024 ж.

АСК-24/56

Дата публикации
23 июля 2024