2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Иіркөл ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өзін өзі ұсынған Ержан Оралбек Оразбекұлы, Рахманов Уалихан Уайдаұлы, Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы Иіркөл ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.
2. Кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін.
3. Кандидаттардың тіркелгені туралы ақпарат аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/54
21.07.2024 ж.