Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеді 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеді 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:

        Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 шілдедегі №АСК-24/42 шешімімен 2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған сайлауда Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидат болып тіркелді:

        Иіркөл ауылдық округі бойынша:

        Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы – 1984 жылы туған, қазақ,  "Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ, бөлім басшысының орынбасары, Шиелі кентінде тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

        Ержан Оралбек Оразбекұлы – 1970 жылы туған, қазақ, «Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

        Рахманов Уалихан Уайдаұлы – 1974 жылы туған, қазақ, «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ, бөлім басшысының орынбасары, Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

        Майлытоғай ауылдық округі бойынша:

        Мамбетов Абилькасим Абильдаевич – 1963 жылы туған, қазақ, «Әбілда» ш/қ, шаруашылық төрағасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

        Оспанов Дәурен Әуезұлы – 1994 жылы туған, қазақ, «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында тұрады,  бас маман, өзін-өзі ұсынған.

     Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы – 1976 жылы туған, қазақ, "Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ, сектор меңгерушісі, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Дата публикации
22 июля 2024