2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған Шиелі ауданының Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған Шиелі ауданының Иіркөл

ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттардың Қазақстан Республикасының

заңнамаларында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №02-10/1158 санды хатының негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Шиелі ауданының Иіркөл ауылдық округі әкіміне кандидат Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы, Рахманов Уалихан Уайдаұлы, Ержан Оралбек Оразбекұлы, Файзуллаев Омархан Нышанбековичтер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген талаптарға сәйкес деп белгіленсін.
  2. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын

 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                         М.Дулатов

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                        Е.Оспанов

 

 

АСК-24/50

18.07.2024 ж.

постановление
Дата публикации
19 июля 2024