Шиелі ауданының Иіркөл және Майлытоғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2024 жылғы 16 шілде күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Шиелі ауданы бойынша Иіркөл және Майлытоғай ауылдық округтері әкімдеріне барлығы 8 кандидат ұсынылды, барлығы өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2024 жылғы 21 шілде күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы арнайы ақпарат БАҚ жарияланады.
Шиелі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы