2024 жылғы 7 шілдеде өткізілген Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімі сайлауының қорытындылары бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
7 шілдедегі Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамаларының негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақмая ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат Ғ.Қ.Бейсембаевтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,09 пайызын жинаған кандидат Ж.Н.Нурильдаевтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Тұран ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат М.А.Парманкуловтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7,57 пайызын жинаған кандидат Н.И.Қадыровтың, 7,05 пайызын жинаған кандидат Д.Ә.Оспановтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- «Ақмая ауылдық округі әкіміне кандидат Б.А.Әбусәдірді тіркеу туралы» Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 маусымдағы хаттамалық шешімінің күшін жою туралы» Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 21 маусымдағы №АСК-24/38 қаулысына сәйкес Ақмая ауылдық округінің әкіміне кандидат Б.А.Әбусәдірдің енгізген сайлау жарнасы жергілікті бюджеттің кірісіне айналдырылсын.
- Осы қаулының орындалуы келісім бойынша Шиелі ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөліміне (А.Иманбердиева) жүктелсін.
- Осы қаулы Ақмая, Тұран ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарға жіберілсін және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/46
10.07.2024 ж.