2024 жылғы 7 шілдеде өткізілген Ақмая, Тұран ауылдық округтерінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2024 жылғы 7 шілдеде Шиелі ауданының Ақмая ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Ақмая ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №301 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Ақмая ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1518 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1211 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 10 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 2 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы үшін – 1113 дауыс, кандидат Нурильдаев Жандос Нурбаевич үшін – 98 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, «Шиелі кенті әкімінің аппараты» КММ, кент әкімінің орынбасары, Шиелі кентінде тұрады, «AMANAT» партиясы мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы
8 шілдедегі шешімімен 2024 жылғы 7 шілдедегі сайланған Ақмая ауылдық округінің әкіміне Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлын тіркеді.
2024 жылғы 7 шілдеде Шиелі ауданының Тұран ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Тұран ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №300 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Тұран ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1902 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1546 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 3 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Қадыров Нұржан Исабекұлы үшін – 117 дауыс, кандидат Оспанов Дәурен Әуезұлы үшін – 109 дауыс, кандидат Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлы үшін – 1320 берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлы Шиелі ауданы, Тұран ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлы 1966 жылы туған, ұлты қазақ, «ТЖӨҚ- Құрлыс» ЖШС-нің бөлімінің аусым бастығы, Шиелі ауданы, Тұран ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы
8 шілдедегі шешімімен 2024 жылғы 7 шілдеде сайланған Тұран ауылдық округінің әкіміне Парманқұлов Мақсұт Әзімханұлын тіркеді.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы