2024 жылғы 16 маусымда өткізілген Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімі сайлауының қорытындылары бойынша енгізілген жарналарды қайтару және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
16 маусымдағы Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімін сайлауының қорытындысы туралы хаттамаларының негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат Б.Т.Шакиртаевтің және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5,32 пайызын жинаған кандидат А.Н.Үсенғазиннің, 5,87 пайызын жинаған кандидат О.Н.Файзуллаевтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Еңбекші ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат Е.А.Жусуповтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,67 пайызын жинаған кандидат Е.Т.Меңлібековтің сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Қарғалы ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат Д.Ү.Әбуовтің және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 21,83 пайызын жинаған кандидат К.К.Парманкуловтың, 7,60 пайызын жинаған кандидат Б.Е.Дуйсеновтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- «Еңбекші ауылдық округі әкіміне кандидат Т.Б.Мусахановты тіркеу туралы» Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 мамырдағы хаттамалық шешімінің күшін жою туралы» Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 маусымдағы №АСК-24/24 қаулысына сәйкес Еңбекші ауылдық округінің әкіміне кандидат Т.Б.Мусахановтың енгізген сайлау жарнасы жергілікті бюджеттің кірісіне айналдырылсын.
- Осы қаулының орындалуы келісім бойынша Шиелі ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөліміне (А.Иманбердиева) жүктелсін.
- Осы қаулы Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарға жіберілсін және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/37
19.06.2024 ж.