2024 жылғы 16 маусымда өткізілген
Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімін сайлаудың
қорытындысын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2024 жылғы 16 маусымда өткізілген Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №280 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
2. Шакиртаев Балдаурен Турсынбаевич Жаңатұрмыс ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
5. 2024 жылғы 16 маусымда өткізілген Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/34 16.06.2024 ж.