2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Ақмая ауылдық округінің әкіміне

кандидаттарды тіркеу туралы

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                                             
         1. Өзін өзі ұсынған Нурильдаев Жандос Нурбаевич, Әбусәдір Бағдат Абайұлы Ақмая ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.                                                 
         2. «AMANAT» партиясы ұсынған Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы Ақмая ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.

  1. Кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін.   
             4. Кандидаттардың тіркелгені туралы ақпарат аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын. 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                          М.Дулатов

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов

 

АСК-24/32

16.06.2024 ж.

Дата публикации
16 июня 2024