2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тұран ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Тұран ауылдық округінің әкіміне

кандидаттарды тіркеу туралы

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                                             
         1. Өзін өзі ұсынған Парманкулов Максут Азимханович, Оспанов Дәурен Әуезұлы, Қадыров Нұржан Исабекұлы Тұран ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.                                                 
         2. Кандидаттарға тиісті куәліктер берілсін.                                        
         3. Кандидаттардың тіркелгені туралы ақпарат аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын. 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                           М.Дулатов    

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов 

 

АСК-24/33

16.06.2024 ж.

Дата публикации
16 июня 2024