2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Ақмая, Тұран ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы хабар
- Ақмая, Тұран ауылдық округтерінің әкімдеріне барлығы 6 кандидат, оның ішінде – 1 «AMANAT» партиясымен, 5 – өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
- 2024 жылдың 16 маусым, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 6 кандидат тіркелді.
- Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
- Арнайы тексеруге 6 кандидаттың құжаттары жолданды.
- Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылған.
- Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.