Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеді

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеді 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы                 29 мамырдағы №АСК-24/19 шешімімен 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған сайлауда Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдеріне кандидат болып тіркелді:

Ақмая ауылдық округі бойынша:

Нурильдаев Жандос Нурбаевич – 1983 жылы туылған, қазақ, «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі» КММ, бас маман, Шиелі кентінде тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

Әбусәдір Бағдат Абайұлы – 1980 жылы туған, қазақ,  «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ, бас маман, Шиелі кентінде тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы – 1984 жылы туған, қазақ, «Шиелі кенті әкімінің аппараты» КММ, кент әкімінің орынбасары, Шиелі кентінде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Тұран ауылдық округі бойынша:

Парманкулов Максут Азимханович – 1966 жылы туған, қазақ, «ОПЧС-Строй» ЖШС, бөлім басшысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Оспанов Дәурен Әуезұлы – 1994 жылы туған, қазақ, «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында тұрады,  бас маман, өзін-өзі ұсынған.

Қадыров Нұржан Исабекұлы –  1984 жылы туған, қазақ, «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Дата публикации
16 июня 2024