2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Шиелі ауданы Ақмая, Тұран ауылдық округтері
әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
29 мамырдағы №АСК-24/19 «Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақмая ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 15 қол санында белгіленсін.
- Тұран ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 19 қол санында белгіленсін.
- Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
- Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/28
12.06.2024 ж.