Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкіміне өзін-өзі ұсынған кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабына сәйкес Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкіміне өзін-өзі ұсынған кандидаттардың 2024 жылғы 12 маусымдағы аудандық сайлау комиссиясының хаттамалары және кандидаттардың өтініштері негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.1. Ақмая ауылдық округі әкіміне кандидат Әбусәдір Бағдат Абайұлының сенім білдірілген адамы болып Жәнібекұлы Қазыбек тіркелсін.
1.2. Ақмая ауылдық округі әкіміне кандидат Нурильдаев Жандос Нурбаевичтің сенім білдірілген адамы болып Курманалиев Талгат Махмутулы тіркелсін.
1.3. Тұран ауылдық округі әкіміне кандидат Парманкулов Максут Азимхановичтің сенім білдірілген адамы болып Құлахметов Бодибай тіркелсін.
1.4. Тұран ауылдық округі әкіміне кандидат Оспанов Дәурен Әуезұлының сенім білдірілген адамы болып Барақбай Ләззат Мырзаханқызы тіркелсін.
1.5. Тұран ауылдық округі әкіміне кандидат Қадыров Нұржан Исабекұлының сенім білдірілген адамы болып Базарбаев Биржан Науханович тіркелсін.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-24/27
12.06.2024 ж.