Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабары
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы №АСК-24/18 қаулысымен Ақмая, Тұран ауылдық округтері шекарасында Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы жөніндегі сайлау округтері құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы №АСК-24/19 қаулысымен Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалды.
Бекітілген Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 30 мамырдан басталады және 2024 жылғы 12 маусым сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2024 жылғы 17 маусым сағат 18.00-де аяқталады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6А, Шиелі аудандық экономика және қаржы бөлімінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төреханова Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы
№301 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Ақмая ауылдық округі, Ақмая ауылы, Абай көшесі №57, №49 орта мектеп ғимараты, телефоны: 50-3-50, эл почта: USK_301@mail.kz.
№301 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Мұса Қуаныш Маралұлы – төраға, Орынбаев Марат Мейрамұлы – төраға орынбасары, Абдрахманов Ғалымжан Тұрсынұлы – хатшы, мүшелері: Рустемова Рауан Романовна, Ахметова Лайла Сауранбековна, Жұмабеков Мирамбек Жәнібекұлы, Ибрагимов Мейіржан Қайратұлы.
№300 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Тұран ауылдық округі, Ш.Қодаманов ауылы, Орталық №1, Мәдениет үйі ғимараты, телефоны: 33-1-31, эл почта: USK_300@mail.kz.
№300 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Ділманова Сандуғаш Ділманқызы – төраға, Ағман Гүлзира Мырзаханқызы – төраға орынбасары, Бекмырзаева Жадыра Дәужанқызы – хатшы, мүшелері: Токсейтов Марат Куандыкович, Арыстанова Баян Базаргалиевна, Есмұхамедова Ләззат Мырзағалиқызы, Шайхислам Жеңісбай Ақтамұлы.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы