2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Шиелі ауданының Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Шиелі ауданының аумақтық сайлау

 комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы

 №АСК-24/19 қаулысымен бекітілген 

2024 жылғы 7 шілдеге тағайындалған Шиелі ауданының Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ 

1. Ақмая, Тұран ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде аумақтық сайлау округтерін құру туралы қаулы қабылдау

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 29 мамыр

(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.)

2. Ақмая, Тұран ауылдық округтеріі әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 29 мамыр

(113-1-б.1-т. 3) т.)

 

3. Сайлау округі туралы ақпаратты оның шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 8 маусымнан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 8 маусымнан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он  бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 13 маусымнан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шиелі ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он  бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 13 маусымнан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

7. Әкімге кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен саған он сегізде аяқталады

2024 жылғы 30 мамырда басталады және 2024 жылғы 11 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.)

 

8. Әкімге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

9. Әкімге кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

10. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

11. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т., 9-т.)

 

12. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

15. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

2024 жылғы 30 мамырда басталады және 2024 жылғы 16 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

16. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Шиелі ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 17 маусым

(24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылғы 22 маусым

(26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 27 маусымға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2024 жылғы 4 шілдеден ерте емес және 6 шілдеден кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін  бір сағат бұрын

Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 9 шілдеден кешіктірмей

(113-10-б.)

 

30. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 13 шілдеден кешіктірмей

(44-б.)

 

31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылғы 13 шілдеден кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
29 мая 2024