2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өзін өзі ұсынған Үсенғазин Аралбай Наурызұлы, Файзуллаев Омархан Нышанбековичтер Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.
2. «AMANAT» партиясы ұсынған Шакиртаев Балдаурен Турсынбаевич Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-27/14