Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеді
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы №АСК-24/05 шешімімен 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған сайлауда Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімдеріне кандидат болып тіркелді:
Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша:
Үсенғазин Аралбай Наурызұлы – 1992 жылы туған, қазақ, «Сұлутөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған
Файзуллаев Омархан Нышанбекович – 1989 жылы туған, қазақ, «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Балаби ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Шакиртаев Балдаурен Турсынбаевич – 1988 жылы туған, қазақ, «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Байсын ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Еңбекші ауылдық округі бойынша:
Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы – 1985 жылы туған, қазақ, «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» КММ, бөлім басшысының орынбасары, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған
Мусаханов Турар Баяналиевич – 1984 жылы туған, қазақ, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі, бөлім басшысы, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жусупов Елдос Айтуреевич – 1987 жылы туған, қазақ, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ, ұйымдастыру және инспекторлық бөлімі, бас маман, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Қарғалы ауылдық округі бойынша:
Парманкулов Кайрат Капанович – 1977 жылы туған, қазақ, «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Бұланбай бауы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Әбуов Даулетияр Үмбетиярұлы – 1976 жылы туған, қазақ, «Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Шиелі ауданы, Бұланбай бауы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Дуйсенов Бекболат Еламанович – 1979 жылы туған, қазақ, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» КММ, ұйымдастыру және инспекторлық бөлімі, бас инспектор, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.