2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы хабар

2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы хабар

  1. Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтерінің әкімдеріне барлығы 11 кандидат, оның ішінде – 1 «AMANAT» партиясымен, 10 – өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
  2. 2024 жылдың 26 мамыр, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 9 кандидат тіркелді.
  3. 1 кандидат сайлау жарнасын енгізбеуіне байланысты тіркелмеді. Өзін-өзі ұсынған 1 кандидат біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты тіркелмеді.
  4. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
  5. Арнайы тексеруге 10 кандидаттың құжаттары жолданды.
  6. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылған.
  7. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Дата публикации
27 мая 2024