2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған
Шиелі ауданы Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы
ауылдық округтері әкімдерін сайлауда кандидатты
қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы №АСК-24/05 Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысын негізге алып, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңатұрмыс ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 7 қол санында белгіленсін.
2. Еңбекші ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 11 қол санында белгіленсін.
3. Қарғалы ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 8 қол санында белгіленсін.
4. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
5. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов