Шиелі ауданының Жаңатұрмыс, Еңбекші және Қарғалы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2024 жылғы 21 мамыр күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Шиелі ауданы бойынша Жаңатұрмыс, Еңбекші және Қарғалы ауылдық округтері әкімдеріне барлығы 11 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі (9,0 %) – саяси партиядан, 10-ы (91,0 %) – өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды. «AMANAT» партиясы 1 кандидат ұсынды. Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2024 жылғы 26 мамыр күнгі сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы арнайы ақпарат БАҚ жарияланады.

Дата публикации
22 мая 2024