Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауы бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері шекарасында Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы жөнінде сайлау округтері құрылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
08.05.2024 жыл
АСК-24/04