Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалсын.
2. Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.


Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов

Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов


08.05.2024 жыл
АСК-24/05

Дата публикации
08 мая 2024