Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы АНЫҚТАМА

Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тізіліміне сәйкес 2023 жылы 65 қызмет түрі көрсетілді.

2023 жылдың 12 айында жергілікті атқарушы органдармен 21601 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –2777.

Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -1307.

Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 17517.

2023 жылдың қорытындысымен аудан бойынша электронды көрсетілген қызметтің жалпы үлесі 90 пайызды құрады.

2023 жылдың 17 ақпан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының,  департамент қызметкерлерінің қатысуымен Шиелі ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша  аудандық қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында 5 мерзімінен кешіктіру фактісі орын алды (жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара көрілді).

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында 2 мәрте облыс әкімдігінің және облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қағидаларын түсіндіру бағытында кент және ауылдық округ әкімі аппараттарындағы жауапты мамандарға семинар кеңес өткізілді.

Аудандық қоғамдық кеңес отырысында тоқсанына қаралатын мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша қызметкерлері ZOOM бейне байланыс желісі арқылы 4 мәрте қатысты.

Осы жылдың 10 тамызында «Qyzylorda» телеарнасының «Елге қызмет» арнайы телевизиялық бағдарламасында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты аудан әкімі аппаратының басшысымен сұхбат берілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты арыз-шағымдарды азайту мақсатында  қызметтерді көрсету тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша 5 рет онлайн жәрмеңкесі өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жұмыстары аудандық 9 (Жөлек, Еңбекші, Сұлутөбе, Алмалы ауылдық округтері, Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, Шиелі аудандық мәдениет және спорт бөлімі, Шиелі аудандық экономика және қаржы бөлімі) атқарушы органда жүргізілді.

Аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің қызметкерлерімен мекемедегі мамандарға «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібі, қызмет қағидаларындағы талаптар жан-жақты түсіндірілді.

Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай (жұмыс кестесі, пандус, шақыру қоңырауы, тактильді тақта және т.б.), ақпараттық тақталардағы қағидалардың өзектендірілуі, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының» жұмыстарын жандандыру бойынша кеңестер берілді.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының, дербес бөлім ғимараттарында  электронды қызметтерді алу мақсатында 28 «Өзіне-өзі» қызмет көрсету  бұрыштары қажетті құралдармен (интернетке қосылған компьютер, 3/1 принтер, веб-камера, жеке куәлікке арналған картридер) қамтамасыз етіліп  жұмыс жасауда.

2023 жылы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты арыз-шағымдар түспеген.

Дата публикации
29 апреля 2024