Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85965 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36473 адам, ауылдық елді – мекендерде 49492 адам тұрады.
2024 жылдың 1 сәуірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2024 жылдың 1 сәуірге болжамдалған 2 млрд. 726 млн. 468 мың теңгенің орнына 3 млрд. 65 млн 608 мың. теңгеге немесе 112,4 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд 316 млн. 636 мың. теңгенің орнына 1 млрд. 655 млн. 776 мың теңге болып 125,8 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 сәуірге жалпы
2 млрд. 223 млн. 325 мың теңгеге жоспарланды. 3 айдың қорытындысымен 2 млрд. 218 млн. 478 мың теңгеге немесе 99,8 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 3 айында 12 млрд. 37 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2023 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 159,4 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 6 млрд 643 млн. теңгеге жетіп, 245,5 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
10 млрд. 874 млн теңгені құрады немесе 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,1 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд 565 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 203,7 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 15454 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 3 млрд. 15 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 3 млрд. 83,3 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,1 пайызды құрады.
2024 жылдың 1 сәуірге тірілей салмақта 1276,7 тонна ет, 4087,3 тонна сүт, 686,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,3 пайызға, сүт 100,8 пайызға, жұмыртқа 145,2 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2024 жылдың 1 сәуірге ірі қара 83033 басты, уақ мал 124737 басты, жылқы 25783 басты, түйе 1596 басты, құс 30752 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 103,5 уақ мал 103,7 жылқы 101,1 түйе 99,4 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2024 жылдың 1 сәуірге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6269 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 88,7 пайызға артты. (жеке кәсіпкер-3863, шаруа қожалық-1850, заңды тұлға-556) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6038-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,3 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 965. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 213, жұмыспен қамтылған адам 34 406. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 754, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16 652 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 624 адам) 4,5 пайызды құрады.
2024 жылы ауданда 2 959 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 3 айдың қорытындысымен 942 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 31,8 пайызға орындалды.