«Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы № 2/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

«Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы
13
мамырдағы № 2/8  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 2/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5514 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінің 7, 10, 11-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Құрмет грамотасымен наградтау жөнiндегi (тиiстi ұйым басшысының қолы қойылып, мөрi басылған, бар болған жағдайда) ұсынымдарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкiлдi және атқарушы органдар, қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың басшылары енгiзедi және дұрыс енгiзiлген мәлiметтер үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.»;

«9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келiп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнiнде ұсыныс әзiрленуi үшiн наградтау жөнiндегi аудан әкiмi жанындағы комиссияға (бұдан әрi – Комиссия) жiберiледi.

          Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкiмi мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың мiндеттерiн атқарушының) бiрлескен өкiмi арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешiм қабылданады.»;

         «10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргiзiледi. Құрмет грамотасын аудан әкiмi немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.».

2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Лауазымы

 

Аты-жөні

жоба
Дата публикации
10 апреля 2024