«Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
- Жалпы ережелер
- «Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Бұдан әрі- бөлім) құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады және дене тәрбиесі, спорт және туризм саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Ыбырай Жақаев көшесі 6 Б индекс 120700.