Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85966 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36474 адам, ауылдық елді – мекендерде 49492 адам тұрады.

2024 жылдың 1 наурызға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2024 жылдың 1 наурызға болжамдалған                           1 млрд 435 млн.  355 мың теңгенің орнына 2 млрд 55 млн 290  мың. теңгеге немесе 143,2 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  520 млн. 15 мың. теңгенің орнына 1 млрд 139 млн. 969 мың теңге болып                    219,2  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті 2024 жылдың 1 наурызға жалпы
 1 млрд 483 млн. 246 мың теңгеге жоспарланды. 2 айдың қорытындысымен                      1 млрд 481 млн. 891 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2024 жылдың 2 айында 7 млрд. 401 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2023 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 156,9  пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 3 млрд 852 млн. теңгеге жетіп, 2,8 есеге артты.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
8 млрд. 680 млн теңгені құрады немесе 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артты.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 492 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  0 пайыз;

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 8824 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,4 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 1 млрд 755 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,9 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 2 млрд. 22 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2023 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,1  пайызды  құрады.

2024 жылдың 1 наурызға тірілей салмақта 874,7 тонна ет, 2535,7 тонна сүт, 517 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,7 пайызға, сүт 101,3 пайызға, жұмыртқа 170,4 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2024 жылдың 1 наурызға ірі қара 81237 басты, уақ мал 118210 басты, жылқы 25166 басты, түйе 1516 басты, құс 32752 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 102,2 уақ мал 103,4, жылқы 101,5, түйе 100,4, құс 101,6 пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2024 жылдың 1 наурызға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6439 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 94,9 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3993, шаруа қожалық-1890, заңды тұлға-556) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6207-ні құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,4%-ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 85 966. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 213, жұмыспен қамтылған адам 34 406. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 754, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16 652 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 807 адам) 5,0 пайызды құрады.

2024 жылы ауданда 2 959 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып,                  2 айдың қорытындысымен 827 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 27,9 пайызға орындалды.

Дата публикации
14 марта 2024