Шиелі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Шиелі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Сіздердің назарларыңызға  аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Шиелі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

Шиелі ауданының «2023–2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы  №9/2 шешімімен бекітілді.

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

Аудан бюджетінің негізгі параметрлері;

Аудан бюджетінің түсімдері;

Аудан бюджетінің шығыстары. 

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85935 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36574 адам, ауылдық елді – мекендерде 49361 адам тұрады.

2024 жылдың 1 қаңтарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2024 жылдың 1 қаңтарға болжамдалған                16 млрд. 456 млн. 619 мың теңгенің орнына 16 млрд. 972 млн. 980 мың. теңгеге немесе 103,1 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 4 млрд. 909 млн. 799 мың. теңгенің орнына                                       5 млрд.383 млн. 463 мың теңге болып 109,6  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті 2024 жылдың 1 қаңтарға жалпы
16 млрд. 456 млн. 619 мың теңгеге жоспарланды. 12 айдың қорытындысымен      16 млрд. 417 млн. 862 мың теңгеге немесе 99,8 пайызға орындалды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2023 жылдың 12 айында 75 млрд. 230 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 129,7  пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 35 млрд 27 млн. теңгеге жетіп, 171,3 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
47 млрд. 912 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 127,5  пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 18 млрд. 515 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 228,9 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 68572 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,5 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 14 млрд. 220 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,4 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 49 млрд. 204 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 106,7  пайызды  құрады.

2024 жылдың 1 қаңтарға тірілей салмақта 5569,2 тонна ет, 21758,0 тонна сүт, 2728,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,3 пайызға, сүт 102,5 пайызға, жұмыртқа 89,9 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

         2024 жылдың 1 қаңтарға ірі қара 93336 басты, уақ мал 135061 басты, жылқы 24247 басты, түйе 1645 басты, құс 30079 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 117,5 уақ мал 116,1, жылқы 97,7, түйе 107,9, құс 92,7 пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2024 жылдың 1 қаңтарға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6817 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,8 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4224, шаруа қожалық-2033, заңды тұлға-560) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6572-ты құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,4 %-ға жетті.

Әлеуметтік сала.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36213 экономикалық белсенді халықтың 34406 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1807 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.

2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 3369 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 108,8 пайызға орындалды

2023 жылы  3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 1962 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 63,4 пайызға орындалды.

Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі

 
 

р/н

Атауы

2023  жыл                    1 қаңтарға 

2024  жыл                    1 қаңтарға 

%

 

I

Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге  (нақты көлем индексімен)

69342,0

75230,0

129,7

 

1

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

30299,6

33992,4

103,6

 

1.1.

Металл кендерін өндіру

29396,1

33098,1

104,5

 

1.2.

Кен өндіру өнеркәсібінің басқа  салалары

441,7

542,8

93,7

 

 

 

 

 

 

 

2

Өңдеуші өнеркәсібі, млн. теңге

33763,0

35027,0

171,3

 

2.1.

Етті қайта өңдеу, консервілеу және ет өнімдерін өндіру

158,4

105,5

95,8

 

2.2.

Сүт өнімдерін өндіру

332,5

41,7

100,0

 

2.3.

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру

1509,9

1588,7

100,0

 

2.4.

Нан және ұн өнімдерін өндіру

926,8

227,1

100,1

 

2.5.

Киім өндіру

13,9

8,7

100,0

 

2.6.

Жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту

4,4

1,4

45,5

 

2.7.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

3491,2

4189,8

121,0

 

2.8.

Өзгеде металл емес минералдық өнімдерді өндіру

24780,1

26099,2

104,4

 

2.9.

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

859,4

313,0

104,9

 

 

 

 

 

 

 

3

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

4378,0

5176,3

101,3

 

3.1.

Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу

3882,9

4681,8

100,8

 

3.2.

Газ тәрізді отынды өндіру және бөлу

495,0

494,4

106,3

 

 

 

 

 

 

 

1

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

900,7

1034,6

96,1

 

 

 

 

 

 

 

II

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, млн.теңге

39569,0

49204,0

106,7

 

 

 

 

 

 

 

2

Мал шаруашылығы, мал саны (бас)

 

 

 

 

2.1

Ірі қара мал

79408

93336

117,5

 

2.2

Қой-ешкі

116372

135061

116,1

 

2.3

Жылқы

24821

24247

97,7

 

2.4

Түйе

1525

1645

107,9

 

2.5

Құс

32440

30079

92,7

 

 

 

 

 

 

 

3

Мал шаруашылығы, мал өнімі

 

 

 

 

3.1

Ет (тірілей салмағымен), тн

5442,7

5569,2

102,3

 

3.2

Сүт, тн

21237,1

21758,0

102,5

 

3.3

Жұмыртқа, мың дана

3036,5

2728,5

89,9

 

 

 

 

 

 

 

III

Құрылыс, инвестиция

 

 

 

 

1.

Жеке тұрғын үй құрылысы,жалпы ауданы, шаршы метр

60945,0

68572,0

112,5

 

2.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі, млн теңге

8355,0

18515,0

228,9

 

3.

Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн теңге

36106,0

47912,0

127,5

 

 

 

 

 

 

 

IV

Бөлшек сауда көлемі, млн. теңге

11550,2

14220,4

108,4

 

 

 

 

 

 

 

V

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліқ субьектілерінің саны, барлығы (статистикалық мәліметпен):

6505

6817

104,8

 

1.

 заңды тұлға

560

560

100,0

 

2.

 шаруа кожалықтары

2033

2033

100,0

 

3.

 жеке кәсіпкерлер

3912

4224

108,0

 

4.

жұмыс істейтін адам саны

9250

9300

100,5

 

 

 

 

 

 

 

VI

Жұмыспен қамту

 

 

 

 

1.

хабарласқандар саны

6081

7302

120,1

 

2.

қоғамдық жұмысқа жолдама алғандар, саны

1328

1091

82,2

 

3.

жұмысқа орналасқандар, саны

2276

2319

101,9

 

4.

жұмыссыздар саны

1801

1807

100,3

 

5.

жұмыссыздық деңгейі, пайыз

5,0

5,0

100,0

 

 

 

 

 

 

 

VII

Бюджет

болжам

нақты

 

 

1.

Жергілікті бюджет кірісі, мың теңге

16456619,0

16972980,0

103,1

 

2.

Оның ішінде: өз кірістері, мың теңге

4909799,0

5383463,0

109,6

 

3.

Жергілікті бюджет шығысы, мың теңге

16456619,0

16417862,0

99,8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023-2025 жылдарға арналған Шиелі ауданы бюджетінің  негізгі параметрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мың теңге

 

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

 

болжам

болжам

болжам

Түсімдер оның ішінде:

13184578,7

7934735

8025052

1. Кірістер, оның ішінде:

4469089

4093482

4143466

Салықтық түсімдер

4220564

3916172

3957292

Салықтық емес түсiмдер

140890

142355

149472

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

107635

34955

36702

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

8715489,7

3841253

3881586

Субвенция

3801715

3841253

3881586

Жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері

     4913774,7

 

 

 

 

 

 

Шығыстар

13584782

7934735

8025053

оның ішінде:

 

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

2873547,4

1768386

1786955

Қорғаныс

10840

10953

11068

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

92262

95282

96282

Бiлiм беру

0

0

0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

2396399,1

3798600

3838485

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1144857

-

-

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

1090749,7

807889

848283

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

 

1765898

 

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

122205,6

126617

127946

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

168570,9

86802

87713

Көлiк және коммуникация

355853,6

321493

324868

Басқалар

485961

 

 

Борышқа  қызмет көрсету

125070

-

-

Трансферттер

2952567,7

918713

903453

 

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесілер құрылды:

Жалақының ең төмен мөлшері – 70 000  (2022 жылы - 60 000) теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 24 341 (2022 жылы -      19 450) теңге;

Зейнетақының ең төмен мөлшері –  53 076 (2022 жылы - 46 302) теңге;

айлық есептік көрсеткіш  – 3 450 (2022 жылы - 3 063) теңге мөлшерінде;

ең төменгі күнкөріс деңгейі –  40 567 (2022 жылы - 36 018) теңге.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданның деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету. 

Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына, «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешіміне сәйкес, 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

«2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамыздағы №5/10 шешімімен бекітілді.

Түсімдері

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

             Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді.

           2023 жылға арналған аудандық бюджеттің салық түсімдерінен корпоративтік табыс салығынан 20 млн  теңге, жеке табыс салығынан 135 млн  теңге, әлеуметтік салықтан 135 млн  теңге, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтардан 4 млн 700 мың теңге, мемлекеттік баж салығынан 50 млн  теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден 73 млн  теңге, барлығы 417 млн 700 мың теңгеге көбейтілді.

         2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

            2023 жылға – 4 220 564,0 мың  теңге;

            2024 жылға – 4 093 484 мың  теңге;

            2025 жылға –  4 143 466 мың теңге.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттелуде, оның ішінде:

облыстық бюджетпен:

101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша толығымен аудандық бюджетке 100 пайыз;

103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз.

Сонымен бірге республикалық бюджет қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы төлеуге 125 мың теңге қаралды.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары:

2023 жылға – 107 635 мың теңге;

2024 жылға – 34 955 мың теңге;

2025 жылға – 36 702 мың теңге болып белгіленді.

Бюджеттік кредиттерді өтеу санаты бойынша 2023 жылға заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен республикалық бюджеттің қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 198610 мың теңге көлемінде белгіленді.

2023 жылдың қорытындысымен аудандық бюджеттің атқарылуы:

Аудандық бюджеттің кірістері 2023 жылға бюджеттік кредиттерді қоса есептегенде16 млрд 456 млн 619,3 мың теңгеге бекітіліп, ағымдағы жылдың қорытындысымен 16 млрд 972 млн 980,1 мың теңгеге немесе 103,1 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістеріміз 4 млрд 969 млн 798,9 мың теңгеге жоспарланып, 5 млрд 383 млн 463,0 мың теңгеге немесе 109,6 пайызға орындалды.

Трансферттік түсімдер 10 млрд 474 млн 400,5 мың теңгеге жоспарланып, 100 пайызға орындалды.

 4 деңгейлі бюджеттің өз кірістері 2023 жылға 340млн 699,8 мың теңгеге жоспарланып, орындалуы 368 млн 575,8 мың теңге немесе 108,2 пайызға орындалды.

2023 жылдың қорытындысымен салықтық түсімдер жекелеген санаттары бойынша 100 пайыздан кем орындағандар:

-Кент әкімі аппаратында жеке тұлғалардің көлік салығы жоспары 111 млн 189,0 мың теңге болса, орындалуы 108 млн 602,0 мың теңге немесе 97,7 пайыз.

-Қарғалы ауылдық округінде мүлік салығы жоспары 118,0 мың теңге болса, орындалуы 88,2 мың теңге немесе 74,8 пайыз.

Аудандық бюджеттің шығыстары 2023 жылға жоспар 16 млрд 456 млн 619,3 мың теңгеге бекітіліп, ағымдағы жылдың қорытындысымен 16 млрд 417 млн 861,9 мың теңге немесе 99,7 пайызға орындалды. Игерілмеген қаржы 38 млн 757,4 мың теңге. Оның ішінде аудан бюджеті көрсеткішінен төмен орындағандар:

-Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 99,7 пайыз, игерілмеген қаржы 12 млн 764,9 мың теңге. Оның 9 млн 784,3 мың теңге мектеп және балабақшалардың бу қазандық ғимаратының құрылысы аяқталмауынан, 2 млн 419,2 мың теңгесі Шиелі кентіндегі бейнебақылау камералырынкүтіп ұстау қызметі орындалмауынан, 509,6 мыңтеңгесі «Бұланбай бауы елді мекенінде су құбыры ұңғымасынсу айдауыш мұнара су жинағыш және ішкі желілерді салу» жобасы бойынша ведомствадан тыс кешенді сараптама қорытындысы кеш ұсынуынан, 51,8  мың теңгесі аппарат шығындарынан үнемделген.

- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі 99,3 пайыз, игерілмеген қаржы 20 млн 636,4 млн теңге. Оның ішінде 20 млн 619,8 мың теңгесі елді мекендерге сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмыстарынан үнемделген,16,6 мың теңгесі аппарат шығындарынан үнемделген.

- Жуантөбе ауылдық округі 99,6 пайыз,игерілмеген қаржы 523,1 мың теңге.Оның 66,0 мың теңгесі көше жарығын күтіп ұстау жұмысынан, 377,9 мың теңгесі елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмысынан, 79,2 мың теңгесіжаяу жүргіншілер жолын салу (тратуар) жұмыстарынан үнемделген.

- Қарғалы ауылдық округі 94,9 пайыз, игерілмеген қаржы 2 млн 669,1 мың теңге. Оның ішінде 1 млн 880,6 мың теңгесі аппарат шығындарынан, 699,5 мың теңгесі көше жарығын күтіп ұстау жұмысынан, 89,0 мың теңгесі елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қаржысы.

- Бестам ауылдық округі 99,7 пайыз, игерілмеген қаржы 189,8 мың теңге елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру жұмысынан үнемдеоген қаржы.

- Майлытоғай ауылдыі округі 99,6 пайыз, игерілмеген қаржы 380,7 мың теңге.Оның 139,9 мың тг әкімшілік ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмысынан, 240,8 мың тг абаттандыру жұмыстарынан үнемделген.

- 1 млн 593,4 мың теңге өзгеде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ағымдағы шығындарынан үнемделген.

 

Дата публикации
29 января 2024